"Оскар" жүлдесін табыстау күні нақтыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады, деп жазды  korrespondent.net.

"Оскар" киножүлдесін табыс етудің 93-ші рәсімін өткізу күні коронавирус  пандемиясына байланысты 2021 жылдың 25 сәуіріне ауыстырылды. 

Бұл шындық! Келесі "Оскар" жүлдесін табыстау рәсімі 2021 жылдың 25 сәуірінде өтеді, − делінген жүлде табыстау шарасының Twitter-парақшасында.

Айта кетейік, "Оскар" АҚШ-тағы киножүлделерді тапсыру маусымын аяқтап, дәстүрлі түрде жыл басында өтеді. Келер жылдың рәсімі 28 ақпанда өтеді деп жоспарланған.

Кезекті «Оскарға» қатысуға 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 28 ақпанына дейінгі кезеңде шыққан картиналар қабылданады. Бұл ретте конкурсқа жалпы санаттардағы, оның ішінде "Жылдың үздік картинасы" − 2021 жылдың 15 ақпанына, арнайы санаттардағы, яғни, "Үздік шетелдік көркем фильм" және "Үздік анимациялық фильм" − 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтінім беру керек.

Номинанттардың есімі 15 наурызда жарияланады. "Оскарға" прокатта болмаған фильмдер іріктеуге жіберілді. Бұған дейін АҚШ киноакадемиясы Оскар сыйлығының басты номинациясына үміткерлер санын онға дейін шектеген болатын. Бұл жаңашылдықтар 93-ші рәсімге қатысты емес.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы