Оскар-2025: Биыл кім үздік атанды
Лос-Анджелесте америкалық Кинематографиялық өнер және ғылым академиясының "Оскар" сыйлығының 97-ші марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биылғы кештің жүргізушісі продюсер және комик Конан О'Брайен болды.
Сонымен кино әлемінің басты марапаты кімдерге бұйырды?
- Үздік екінші пландағы актер: Киран Калкин ("Нағыз ауыр сезім").
- Үздік анимациялық халықаралық фильм: "Ағын. Жердегі соңғы мысық".
- Үздік анимациялық қысқаметражды фильм: "Кипаристің көлеңкесінде".
- Үздік костюм дизайны: "Wicked: Шебер әйел".
- Үздік түпнұсқа сценарий: "Анора".
- Үздік бейімделген сценарий: "Конклав".
- Үздік грим және шаш үлгісі: "Субстанция".
- Үздік фильм: "Анора".
- Үздік актер: Эдриан Броуди ("Бруталист").
- Үздік актриса: Майки Мэдисон ("Анора").
- Үздік режиссер: Шон Бэйкер ("Анора").
- Үздік екінші пландағы актриса: Зои Салданья ("Эмилия Перес").
- Үздік шетелдік фильм: "Мен әлі де осындамын".
- Үздік оператор: Лол Кроули ("Бруталист").
- Үздік визуалды эффектілер: "Дюна: Екінші бөлім".
- Үздік монтаж: "Анора".
- Үздік дыбыс: "Дюна: Екінші бөлім".
- Үздік түпнұсқа саундтрек: Дэниел Блумберг ("Бруталист").
- Үздік қысқаметражды көркем фильм: "Мен робот емеспін".
- Үздік қысқаметражды деректі фильм: "Оркестрдегі жалғыз қыз", Молли О'Брайен.
- Үздік суретші-қойылым: "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі".
- Үздік костюмдер: "Зұлым: Батыстың мыстаны туралы ертегі".
- Үздік грим және шаш үлгілері: "Субстанция".
- Үздік ән: El Mal ("Эмилия Перес").
Еске салсақ, 1940-жылдардан бері Америкалық киноакадемия марапаты "Оскар" деп аталады. Ол 1929 жылы құрылып, жыл сайын Лос-Анджелестегі "Долби" театрында өтеді. Кеш әлемнің ондаған елінде тікелей эфирде көрсетіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін -22°C аяз болады
Өзгелердің жаңалығы