ОСК Тоқаевты кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді деп таныды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Otan партиясының атынан ҚР Президенттігіне ұсынылған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді деп шешті.  

"Кандидат ОСК-ға кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме, саулау жарнамының енгізілгенін куәлпндыратын құжат, өмірбаяндық деректерін, жеке басын куәландыратын құжаттың, ЖОО білімі туралы дипломдарының көшірмелерін, мемлекеттік қызметтте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтері қоса берілген, оның президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтінішті ұсынды. 23 сәуірде осында кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия Тоқаевты қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім қабылдады", - деп айтты ОСК хатшысы Сабила Мұстафина


Осыдан кейін ОСК талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында уәкілетті органдарға сұрау салып, тиісті мәліметтерді алған. Нәтижесінде 15 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұратыны, жоғары білімі бар екені, өтелмеген және алып тасталмаған сотталғаны жоқтығы, сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмағаны, мемлекеттік және сайланбалы мемлекеттік лауазымдаода кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бары анықталды. 


Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына және "ҚР Саулау туралы" Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіні анықталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы