ОСК сайлау кезінде қанша заңбұзушылық тіркелгенін хабарлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кезектен тыс президент сайлауында Орталық сайлау комиссиясына 16 шағым келіп түскен. Бұл туралы бүгін ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты.
«9 маусым күні өткен кезектен тыс президент сайлауында жеке тұлғалар тарапынан 16 шағым түсті. Оның ішінде ОСК – 11, комиссия – 7 заңбұзушылықты тіркеді. Шағымдардың басым көпшілігі сайлау учаскелері орналасқан жерден және аудиохабарлама арқылы жолданды», – дейді Зәуреш Баймолдина.
Оның айтуынша, соның ішінде 4 шағым сайлау уақытында түскен. Өңірлерден түскен 3 шағым 19 жарамсыз бюллетеньге қатысты, 12 шағым бюллетеньдерді басқа азаматтарға беру, 6 шағым әділ сайлау құқығы туралы екен.
Ең көп заңбұзушылық Түркістан облысында тіркелген (8). Одан кейін – Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында және өзге облыстарға тиесілі.
Ал Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жалпы саны 118 554 есептен шығару куәлігі дайындалғанын айтты.
Қазақстанда сайлауға құқығы бар 11 960 364 азамат бар. Оның ішінде 9 261 464 сайлауға қатысқан. Алғаш рет 18 жасқа енді толған 160 203 жас сайлауда дауыс берген.
Айта кетейік, ОСК-ның алдын ала есебі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 6 млн 504 мың дауыс немесе 70,76% дауыс жинап жеңіске жетті.