ОСК Қошановты депутат ретінде тіркеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Қошановты тіркеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 002PQ қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін.
2. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н. Әбдіров
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы А. Щегорцова
Нұр-Сұлтан қаласы, 2022 жылғы 1 ақпан,
№ 7/443