ОСК өңірлердің сайлауға дайындығын тексерді

Орталық сайлау комиссиясы 20 өңірге инспекциялық сапар жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау науқаны барысында ОСК-ның инспекциялық қызметі атқарған жұмыстарға тоқталды.

Парламент Мәжілісі мен республика мәслихаттарына сайлауды дайындау және өткізу шеңберінде 21 ақпаннан бастап мен және әріптестерім ОСК-ларға инспекциялық сапарлар жасадық. Бүгінгі таңда 19 өңірге бардық. Қазіргі уақытта әріптесіміз 20-ыншы өңірде, яғни Атырау облысында. Өңірлерге жасалған инкпекциялық сапар кезінде аумақтық және округтік сайлау комиссияларының жұмысымен таныстық. Сайлау учаскелерінің дайындығына көз жеткізіп, алдағы сайлауға дайындық мәселелері бойынша өңірлік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткіздік, - деп айтты Нұрлан Әбдіров.

Сөзінше, дауыс беру күнінен учаскелердің дайындығына және азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруі үшін қажетті жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен инспекциялық сапар шеңберінде дауыс беру күніне арналған оқыту тренингі өткізілді. Оның мақсаты - сайлау комиссиялары мүшелерінің дауыс берудің барлық рәсімін сапалы меңгеруі, саулауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерінен, есептен шығару куәліктерінен, азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерінен, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен қарым-қатынас жасаудың дағдыларын игеру, - дейді ОСК төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы