ОСК мүшесі сайлауалды үгіт жүргізудің әдістері жайлы айтып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова сайлауалды үгіт жүргізудің әдістері жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің үш әдісі бекітілген.

Үгіт жұмыстары - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сайлау алдындағы жария іс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткізу жолымен және баспа, дыбыс-бейне, өзге де үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүзеге асырылады, - деді ол.

Спикер, сондай-ақ әр үгіт-насихат әдістерінің де бекітілген тәртібі бар екенін атап өтті. 

Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін қатысушыларға тең жағдайды қалыптастырулары қажет. Сонымен қатар, эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін 5 күннен кешіктірілмей, яғни осы жылдың 4 жетлоқсанына дейін БАҚ-та жариялануға, сондай-ақ тиісті сайлау комиссиясына оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынылуы тиіс.

БАҚ-тағы сайлауалды үгіт-насихат жұмсытары қатарына саяси партияларды жақтап дауыс беруге шақыру, қандай да бір саяси партияға қатысты артықшылық, саяси партияларды сайлаудың немесе сайламаудың ықтимал сипатталамалары кіреді, - деді Анастасия Щегорцова. 

Оның айтуынша, интернет ресурсы да БАҚ-қа жатады, сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт жұмыстарына қатысты қойылатын талап екеуіне ортақ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлау алдындағы үгіт насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы