ОСК мүшесі халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы айтып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы ақпаратпен таныстырды.
Оның айтуынша, осы жылдың 22 қазанында сайлауды халықаралық бақылау институты ашылған сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы үш халықаралық ұйымнан және бес шет мемлекеттен 62 байқаушы аккредиттеген. Сондай-ақ аккредиттеуге ұсыныстардың түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.
2020 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен аккредиттеуге Демократиялық институттар және Адам құқықтары бюросы сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясынан 24 ұзақ мерзімді бақылаушының кандидатуралары ұсынылды, - деді спикер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы