ОСК мүшелері халықаралық байқаушылармен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Зәуреш Баймолдина мен Бақыт Мелдешов ТМД Парламентаралық ассамблеясы халықаралық байқаушылары ТМД ПАА ДДМХИ директорының орынбасары Екатерина Голоулина және ДДМХИ сараптама тобының басшысы Станислав Ткаченко, ДДМХИ сайлауалды мониторингтеу бөлімінің кеңесшісі Т.О.Шульгинамен кездесті. 

Кездесу барысында ОСК мүшелері сайлау науқанының барлық кезеңдері туралы баяндады. Сонымен бірге олар байқаушыларды ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен, науқанның негізгі кезеңдерін: ұсыну, тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, дауыс беру күнін көрсете отырып, сайлау органдарының 2019 жылғы 10 сәуірден бастап 9 мамырға дейінгі өзге де іс-қимылдарымен таныстырды. 

«Біз сарапшылар тобымен бірге осы жерде ҚР президент сайлауының өтуіне мониторинг жасаймыз. 2017-2018 жылдарда енгізілген сайлау туралы заңнамадағы өзерістер мен кандидаттардың әртүрлі партиялар атынан түсуі, әсіресе президент сайлауы науқанына алғаш рет әйел адамның қатысып отырғанына байланысты осы сайлаудың бірегей екенін түсінеміз. Сайлау науқаны Қазақстанның әртүрлі өңірлерін артығымен қамтиды деп қызғушылық танытып отырмыз», - деп айтты Голоулина брифингте. 

Ол бақылау миссиясы халықаралық стандарттарға сай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мониторинг жүргізетінін атап өтті.   

«Қазақстан аумағында Парламентаралық ассамблеядан біздің бақылау-сарапшы тобымыздан бөлек, Алматы, Шымкент қалаларында мониторинг жүргізетін сарапшылар тобы бар. Қысқамерзімді монторинг жүгізуге ТМД ПАА қатысушы мемлекеттер парламенттері атынан халықаралық бақылаушылар тобы қатысады. Оның құрамында ұлттық парламенттің төменгі және жоғарғы палаталарынан 8 қатысушы елдің өкілдері бар», - деді халықаралық байқаушы.

Ол халықаралық стандарттарға сай жүргізілетін мониторинг шамамен 9 өңірді немесе елдің жартысын қамтуы мүмкін екенін, сондай-ақ мониторинг қорытындысы бойынша байқаушылар жасайтын тұжырым репрезентативті болады деген пікірде.  

Сонымен бірге, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері ТМД ПАА ДДМХИ өкілдеріне 2017-2018 жылдары енгізілген сайлау заңнамасындағы өзгерістер туралы, соның ішінде сайлау алдындағы үгітке, сайлау науқанын қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер және басқалары туралы ақпарат берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы