ОСК мүшелері арасында да коронавирустан қаза тапқандар бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Орталық сайлау комиссиясының отырысы коронавирус індетінен қаза тапқандарды бір минут еске алумен басталды.
Бүгін пандемиядан құрбан болған отандастарымызды Жалпыұлттық аза тұту күні. Сайлау жүйесі қызметкерлерінің арасында да ауыр қаза бар. Алматы облысы Текелі қаласының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бәкен Жаманқұлов қайтыс болды. Бәкен Түзелбекұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Осыған орай бір минут үнсіздікпен барлық қаза болғандарды еске алуды ұсынамын, - деді ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну кезеңінің қорытындысы қаралып жатыр. Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес республика бойынша Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат депутаттығына үміткерлер арасында әйелдердің үлесі артқан
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы