ОСК мәліметі: Көш басында Түркістан облысы тұр

Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде Асылбек Смағұлов дауыс беру көрсеткіші туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық  сайлау комиссиясының 12.00-дегі брифингі барысында дауыс берудің соңғы мәліметтері туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді.

ОСК соңғы мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес көш басында Түркістан облысы тұр. Одан соң Ұлытау облысы, Қарағанды облыстары көшті жалғайды. 

«Соңғы мәліметтерге сәйкес, Абай облысы бойынша – 43,67 %, Ақмола облысы бойынша – 40,13 %, Ақтөбе облысы бойынша – 44,48 %, Алматы облысы бойынша – 25,83 %,  Атырау облысы бойынша – 40,42 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55 %,Жамбыл облысы бойынша – 41,29 %,    Жетісу облысы бойынша – 42,18 %,  Қарағанды облысы бойынша – 44,99%, Қостанай облысы бойынша – 42,87 %,  Қызылорда облысы бойынша – 43,46 %,  Маңғыстау облысы бойынша – 41,19 %,Павлодар облысы бойынша – 44,23 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64%,Түркістан облысы бойынша – 64,21 %,Ұлытау облысы бойынша 52,22 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86 %, Астана қаласы бойынша – 19,33 %, Алматы қаласы бойынша – 16,89 %, Шымкент қаласы бойынша – 34,41 % құрады»,-деді ол.

Сондай-ақ ОСК мәліметінше сайлау бюллетеньдерін алғандар  - тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 % құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы