ОСК: Халықаралық ұйымдардың екі байқаушысы қатыса алмауы мүмкін

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында халықаралық ұйымдардың байқаушыларын 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауына аккредиттеуді кері қайтарып алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10 қарашада Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілі Шау Чен аккредиттеуден өтті. Алайда, ол сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатыса алмайды. Осыған байланысты делегация құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет. Бұдан басқа, 14 қарашада Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы келіп түсті, – деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. 

Айтуынша, оған сәйкес 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына аккредиттелген Ислам ынтымақтастығы ұйымы делегациясының құрамына тиісті өзгеріс енгізу қажет.

Ұсыныс дипломатиялық арна арқылы алынды. Баяндалған мәліметті ескере отырып, орталық сайлау комиссиясы қаулысының жобасы дайындалды. Осы орайда Шанхай ынтымақтастық ұйымынан Шау Чен және Ислам ынтымақтастығы ұйымы атынан Шакир Махмудты халықаралық байқаушы ретінде аккредиттеуді тоқтатып, куәліктерін кері қайтарып алу қажеттілігі туындайды, - деді Мұхтар Ерман.

Комиссия мүшелері аталған қаулыны қабылдау жөнінде шешім шығарды. ОСК шешімімен халықаралық ұйымдардың екі байқаушысын аккредиттеуді алып тастады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы