ОСК Фатима Бизақованы Президенттікке кандидат ретінде тіркеуден бас тартты

ҚР Президенттігіне кандидат Фатима Бизақова Конституциялық заңның 54-бабында көрсетілген талаптарға сай келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың сәйкестігін белгілеу туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен ұсынылған мәліметтерге сай, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ. Әділет министрлігі ұсынған мәліметтерге сай ҚР Президенттігіне кандидатты ұсынған «Тәжірибелік психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар. ҚР Президенттігіне кандидат Фатима Бизақова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы төмендегі қаулыны қабылдады.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Фатима Бизақова Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы    28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес емес деп белгіленсін.Фатима Бизақованы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартылсын, - делінген қаулыда. 

Айта кету керек, Фатима Бизақова ҚР президенттігіне үміткер ретінде 10 қазанда ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы