ОСК-да үгіт жүргізуге тыйым салынған адамдарды атады

ОСК отырысында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезіндегі заңнамадағы өзгерістер мен үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынған адамдарды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске былтыр қарашада енгізілген түзетулерге сәйкес кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне, оның іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіретін үгіт материалдарын жариялағаны үшін тек БАҚ қана емес, сондай-ақ онлайн платформа пайдаланушылары да жауапкершілікке тартылатын болады, - деді ол.

Сонымен қатар, Жандос Өмірәлиев Әкімшілік кодекстің 122-бабында сайлау алдында үгіт жүргізіп, үгіт  материалдарын таратуға кімдерге заңмен тыйым салынғанын айтты.   

Мемлекеттік органдардың лауазымды иелері, әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, сайлау комиссиялары мен діни бірлестіктердің мүшелері, - деді ол. 

Еске салайық, кодекстің 113-бабында әкімшілік жазаға деректемелері жоқ, анонимді үгіт-насихат материалдарын таратуға байланысты заңсыз әрекеттер көрсетілген. Ал 114-бапта үгіт материалдарын қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілік көзделген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: paryz.kz
Өзгелердің жаңалығы