Қошанов Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Қошановты ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.


"Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын",  - делінген мемлекет басшысының жарлығында. 

Бұған дейін аталған лауазымды атқарған Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы