Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында 13 көше жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылында кентішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 көшеге асфальт төселеді. Жобаның негізгі мақсаты –ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтарды жаңғырту және оларды өңірлік стандарттарға дейін жеткізу.
Осакаров ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жеті жоба жүзеге асырылуда. Бұл білім беру, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу, сондай-ақ жолдарды орташа жөндеу. 2020 жылы Осакаровкада 64 көшенің 54-і ретке келтірілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өзбекстанда президент сайлауы өтеді
Өзгелердің жаңалығы