Қос Корея арасында атыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстңк пен Солтүстік Корея арасындағы қарусыздану аймағында атыс болды. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Бірлескен штаб басшылары комитеті хабарлады. 

Аталған комиетті таратқан мәліметте КХДР тарапы бірінші оқ атқаны айтылады. Содан кейін екінші тарап ескерту ретінде оқ атқан. 

Одан бөлек, Оңтүстік Корея тарапы КХДР мен байланысқа шығып, бұл оқиғаның шиеленісіп кетпеуі үшін шекарадағы жағдайды анықтауға тырысқан.

Ақпаратқа сүйенсек, құрбандар жоқ. Дегенмен бекеттегі әскери дайындық күшейтілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы