Орыстандыру саясатын жүргізіп жатыр. Түркияда табылған Алаш қайраткерінің хатында не жазылған

Бұл туралы «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жақында Түркияда Алаш қайраткері, Ресей империясы мемлекеттік думасының депутаты Шәймерден Қосшығұлұлының Осман империясының сұлтанына жазған үндеуі табылды. Онда депутат Ресей империясының үкіметі қазақ даласында миссионерлік, орыстандыру саясатын жүргізіп жатқаны туралы арызданған. Архивтегі құжат бойынша Осман сұлтаны Ресей императорына саясатты тоқтату туралы арыз жазған. Егер оны тоқтатпаса, Осман империясындағы барлығын хрестианды мұсылман қылдыратыны айтылған, - деді Аққұлұлы.

Ғалымның айтуынша, бұл архивтік құжат алаштанушылар үшін жаңа бағыт болып отыр.

Біз ол бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз, - деді ғалым.

Еуразия ұлттық университетінде  «Алаш Республикасының 105 жылдығы және Қазақ Конституциясының қайнар көздері: жаңа дереккөздер, зерттеудің мәселелері мен болашағы» жайлы  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Жапония, Польша елдерінің ғалымдары онлайн форматта қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы