Орыс тілі және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жалақысы азайды ма?

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Мұғалімдердің жалақысы өсіп жатыр. 2023 жылы олардың еңбекақысы тағы 25%-ға өседі. Осыған дейін мен сізге оқу жоспары туралы айттым. Мемлекеттік стандартқа енгізілген өзгерістер балаға берілетін білімнің көлемін анықтайды. Ол азайған жоқ. Қазір сол туралы айтып отырмын.Енді оқу жоспарларына байланысты сағаттың бөлінуі бұл басқа мәселе болып саналады. Ол әрбір мұғалімге бөлінген жүктемеге байланысты. Сондықтан біз былтырғы оқу жылында мұғалімдерді жұмысқа қабылдаудың ережесін белгіледік. Онда біз «ұстазды жұмысқа 16 сағаттық жүктемемен қабылдау керек» деп нақты айттық, - деді Каринова. 

Оның айтуынша, 16 сағаттық жүктеме бекітілген норма. 

Бұл нормадан төмен болса, ұстаз жұмысқа алынбауы керек яғни мектепте конкурс жарияланбауы шарт. Оны біз ережеге жазып қойдық. Сондықтан тиісті жүктемемен қамтамасыз етілген жағдайда мұғалімнің толық жүктемесі беріледі. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін әртүрлі жүктемемен мұғалімдер жұмысқа қабылдана берген. Сондықтан бұл мәселені реттеп, тәртіпке келтіру керек. Бұл жұмыспен жергілікті білім басқармалары айналысып жатыр. Қазір біз мұғалімдерге 16 сағаттық жүктемеден төмен берілмеуін талап етіп отырмыз, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы