Орыс әдебиеті әлем әдебиетімен алмастырыла ма? – вице-министр жауап берді

Алдағы жылда орыс әдебиеті әлем әдебиетімен алмастырыла ма? Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Қаринова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жалпы, әлем әдебиетін оқытуға қатысты жоспарымыз бар. Бұл мәселе бір жыл бұрын қозғалған болатын. Негізі оқу бағдарламаларын өзгерту ол бір жылдық жұмыс емес, ауқымды іс болып саналады. Бұл салаға өзгеріс енгізу үшін тиісті пән бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы  Ұлттық академия және басқа да ғалымдар мен сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Олар бүгінгі күні оқу бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Оқу жобасы дайын болғаннан кейін оны біз тиісті сараптамадан өткіземіз. Ешқандай бағдарлама сараптамадан өтпесе мектепке жіберілмейді, - деді «Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзінше, әлем әдебиеті оқыту жүйесіне жуық арада енгізілмейді.

Оқулық жыл сайын шығарылмайды. Оның да өзіндік ережесі бар. Бұл кезең-кезеңімен іске асатын жұмыс. Мәселен, биыл екінші сыныптың оқулықтары өзгертілді. Осыған сай келесі жылдар 3-4 сыныптардың оқулықтары жаңарады. Бәрі тиісті график бойынша жүргізіледі, - деді Шолпан Қаринова.

Оқу-ағарту өкілі жалпы пән әзірлеу үстінде екенін атап өтті.

Оның құрамында қандай әлем әдебиеті болуы керек деген сұрақты біздің топ зерделеп жатыр. Жаңа пәнде классикалық жазушылармен қамтылу тиіс пе әлде жаңа авторларды қосу керек пе деген секілді жұмыстар зерттелуде. Орыс әдебиетін алу, қосу мәселесін сарапшылар қарап жатыр. Арнайы нақты тәжірибелік зерттеуден кейін ғана бұны ашық айтуға болады, - деді вице-министр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы