Орынбеков: Жамбыл облысының тұрғындары газдандыру мәселелерін шұғыл шешуді қажет етеді

Жамбыл облысы республикалық деңгейде шұғыл араласуды талап ететін бірқатар өткір проблемаларға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар газдандыру және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі сақалды құрылыстарды аяқтауға байланысты болып отыр. Сенатор Бекболат Орынбеков Премьер-министрдің атына осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады.

Депутат 2019 жылдан 2022 жылға дейін өңірді газбен жабдықтауды жақсартуға бағытталған ірі төрт жобаның құрылысы басталғанын, алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалар қайта қаралып, аяқталмағанын айтты.

Газға қосылмағаннан кейін, салынған құбырлардың тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз болуы, арты апаттық жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Өз шешімін таппай, жергілікті халықтың наразылығын тудырып отырған, «сақалды құрылыс» ретінде аталып кеткен, жобалардың жұмыстары аяқталмай жартылай қалып отыр. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін газбен жабдықтаудың маңыздылығын ескере отырып, осы жобалардың аяқталуын жеделдету үшін шаралар қабылдауға шақырамын, - деп атап өтті сенатор.

Сенатордың пікірінше, тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу қажет болып отыр. Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте 34 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде 1 987 жетім бала, 3 913 көп балалы отбасы және 8 942-сі әлеуметтік осал топқа жатады. Осылайша, сенатор Үкімет бұл мәселеге де назар аударуы керек екенін атап өтті.

Осы құрылыстар аяқталған кезде, Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекендегі 56 мың тұрғындарды көгілдір отынымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, 4 жобаларды толық аяқтауға 16,4 млрд.теңге қаржы бөлу керек. Тараз қаласындағы кәріз желілерін салу құрылысына 1,5 млрд. теңге. қаржы бөлу маңызды. Бұл шаралар халықтың өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға және жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деді депутат.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы