Орынбасары сотталған БҚО әкімі отсавкаға кетпейтін болды

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біздегі заңға сәйкес егер орынбасары немесе әкімге қарасты қызметкері заң бұзып, қылмыс жасаса басшы отставкаға кету керек. Сіздің орынбасарыңыз қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп сотталды. Айыппұл салынды. Сіз отставкаға бердіңіз бе? деп БАҚ өкілдері сұрақ қойды.

Өте орынды сұрақ. Менің орынбасарым Ержан Балтаев өкілеттілігін асыра пайдаланып, сыбайлас жемқорлықпен айыпталған болатын. Ержан Балтаев осы қылмысқа барған кезде 2023 жылдың ақпан айы болған. Біз әлеуметтік желіде көрдік. Осындай әңгіме болып жатқанын. Содан кейін орынбасарымды өзіме шақырып анықтадым. Осы қаншалықты дұрыс, жауап беруіңіз деп. Сосын біз комиссия құрдық. Ол өзінің өклеттік қызметін асыра пайдаланғанын мойындап, түсініктеме жазды. Соған байланысты мен оны жұмыстан теріс қылықтары үшін жұмыстан босаттым. Яғни сотқа дейін, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысы отставкаға кету бойынша ойланғанын да айтты.

Екіншіден мен отставка жайында ойландым. Мелекеттік қызметке байланысты заңға сәйкес маған қарасты орынбасарым сол қылмыс жасаған кезде менің қызметтегі мерзімі 3 айдан асса, отставкаға бере аламын. Бірақ ол қылмыс жасаған кезде маған 3 ай болған жоқ. Мен 2022 жылдың 2 желтоқсанынында тағайындалдым. Қылмыс жасаған мерзімі 3 айдан асып кеткен болса, мен отставкаға берер едім. Сондықтан мен заңға сәйкес отставкаға арыз берген жоқпын. Заң бәрімізге ортақ. Менің қарамағымдағы орынбасарым осындай өрескел заң бұзушылыққа барғаны мен үшін және мен басқарып отырған әкімшілік үшін үят болды, - деді Нариман Төреғалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы