Өрттің 80%-дан астамы азаматтардың өрт қауіпсіздігін білмегенінен болады – Еркін Отарғалымұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.
Ол атағандай, жылыту маусымына дайындықтың проблемалық мәселелері нақты ұсыныстар қалалық ТЖ комиссиясының отырысында қаралды.Жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 14 тамыздан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған кезең-кезеңімен іс-шаралар іске асырылып жатыр, - деді Еркін Отарғалымұлы.
Жалпы өрттің 80%-дан астамы азаматтардың өрт қауіпсіздігі негіздерін білмегенінен болады. Осыған байланысты, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен жолдары туралы қоғамды ақпараттандыру, адамдардың санасына өрттен туындайтын проблеманы сіңіру бойынша жұмыстар мақсатты түрде жүргізіліп жатыр. Ол үшін театрландырылған көріністер, спорттық жарыстар, өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған викториналардан тұратын «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Қауіпсіз үй», «Сіріңке – бір өмірдің құны», «Біз қауіпсіздік үшін», «Біздің заманымыздың супер қаһармандары» атты профилактикалық акциялар топтамасы ұйымдастырылды, - деді ол.