Өртті бірден сөндіруге болатын сәтті жіберіп алдық - Скляр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Абай облысындағы өрт кезінде жағдай дұрыс бағаланбағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, өртті сөндіруге табиғи факторлар әсер етіп жатыр. Скляр оған себеп ретінде желдің күшеюін алға тартады.
14 тікұшақ өртті сөндіруге жұмылдырылды. 1500 адам мен 300 техника жұмыс істеп жатыр. Жақын арада өрт ошақтары сөндіріледі деп ойлаймыз. Жел бәсеңдеді. Жағдайды дұрыс бағаламаған. Өрт жылдам тараған соң, осындай жағдай болды. Қаза тапқандарға келетін болсақ, әрине, бұл өте қайғылы жағдай. Прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бойынша толық жауап береді, - деді Роман Скляр.
Ол Экология министрлігінің дайындығы 59 пайызға бағаланғанын айтты.
Біз өртті бірден сөндіруге болатын сәтті жіберіп алдық. 22 мамырда осы орманда 5 мың гектарда өрт болды. Оны жедел түрде өшірді. Ал бұл жолы жағдайды дұрыс бағаламаған. Техника бойынша соңғы жылдары жағдай күрделі болып отыр. Біз техниканың орнын толтыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді вице-премьер.