Өрттен зардап шеккендерге жатақханалардан орын ұсынылды – Әбділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Әбділов Риддердегі өрт бойынша өткен брифингте айтты.
Өрттен зардап шеккен халық үшін жергілікті атқарушы органдары Риддер агротехникалық колледж жатақханасынан 50 орын, демалыс орнынан 100 орын, «Қазмырыш» ЖШС жатақханасында 21 орын жасақталды. Онда адамдарды жеткізу көлігі мен азық-түлік ұсынылды. Қазіргі таңда жатақханаларға 13 адам жатқызылды. 68 адам өзінің туыстарына барды, - деді Әбділов.
Ол атағандай, өрт сөндіру орнында Риддер қаласының әкімдігі мен ТЖД, орман шаруашылығы қызметкерлерінен тұратын жедел штабтар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ТЖМ мен ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар құрылды. Өрт сөндіруге 69 техника бірлігі мен 493 жеке құрамның қызметкері жұмылдырылды. Оған қоса 2 тікұшақ бар. ШҚО полиция департаменті 120 полиция қызметкері мен 8 патрульдік көлікті өрт орнындағы үйлерді күзетуге қойды, - деді ол.
Әбділов айтқандай, материалдық шығынды есептеу бойынша қалалық әкімдіктің комиссиясы зардап шеккен ғимараттар бойынша жұмыс істеп жатыр.
Риддер қаласы әкімінің қаулысы бойынша төтенше жағдай жарияланды, - деді ШҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл түлектер үшін мектепте соңғы қоңырау өтеді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы