Өрттен адамдарды құтқарған полицей марапатталды

Жетісу облысының полицейі «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Базарбаев өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

2023 жылғы 2 қазанда қаланы патрульдеу кезінде дүкеннің өртеніп жатқанын байқап, терезе арқылы қарт адам мен жас қыз болған екінші қабаттағы пәтерге кірді. Эвакуациялап болған соң Данияр үйден екі газ баллонын алып шыққан.

ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Қол ұшын созу – нағыз құрметке лайық аса маңызды адами қасиет, - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы