Өртке жол берген мемлекеттік орман күзетінің 188 қызметкері жазаланды – Брекешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Үкімет отырысындай айтты. 

Аса ірі орман өрттері Қостанай және Алматы облыстарының аумағындағы орман және табиғат қорғау мекемелеріне тіркелді.Қызметтік тексерулер жүргізілді. Тергеу қорытындылары  бойынша ірі өрттердің таралуының негізгі себептері келесідей: орман иелерімен өрт сөндіру шаралары уақтылы қолға алынбаған, - деді Брекешев. 

Министр атағандай, қосалқы ұйымдардың косымша күш беруінің кешіктірілуі, өртті сөндіру іс-қимыл жоспары соңына дейін пысықталмаған.

Шалғай жерде, баруы қиын жерде орналасуы, өрт шыққан жерден тұрақты радиобайланыстың болмауы және орман күзетінің техника және құралдармен нашар жабдықталуы.Дала өртінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне таралуы. Өрт туралы уақытылы жарияламау, ақпаратты жасырғаны, ірі орман өрттеріне жол бергені үшін мемлекеттік орман күзетінің 188 қызметкері жауапкершілікке тартылды, - деді ол. 

Брекешевтің айтуынша, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 9,8 млн теңге сомасында 353 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

8,1 млн теңге өндірілді. Биыл министрлікпен барлық 152 мемлекеттік орман иеленушілердің өрт қауіпті маусымына дайындығына тексеру жүргізілді, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы