Өртке кім кінәлі: Ахметов пе, Сүлейменова ма?

Семей орманындағы өртке қатысты ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметовтің қызметі тексеріле ме? Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Семей орманы» резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайды. Бұл аталған ведомствоның құрылымдық бөлімшесі, - деді ол Үкімет кулуарында.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Роман Склярдан «Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өрт басталған күні Абай облысына аттанбай, форумдарда неге жүрді?» деп сұрады.

Өрт форум өткен күні басталды. Өрттің ауқымы дұрыс бағаланбады. Сол күні секундына 25 метрге дейін екпінді жел мен +38 градус температура ыстық болды. Тілсіз жау тез жайылды, - деп жауап берді Роман Скляр.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығу себептерін атады. Сондай-ақ ол экс-министр Юрий Ильинге қатысты тексеру жүргізілетінін айтты. Айтуынша, Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы