Өртке байланысты 55 адам эвакуацияланды – Павлодар облысы
Павлодар іргесіндегі «Строитель» және «Энтузиаст» бау-бақша серіктестіктерінде құрғақ шөп пен саяжайлар өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірілді.
Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті 55 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Еске салайық, өрт сөндірушілер Павлодар іргесіндегі бағбандық қоғамдастықта құрғақ шөп пен саяжайлардағы өртті сөндірді. Өртті сөндіру күшті желдің салдарынан қиындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тайландта туристер мінген кеме өртенді
Өзгелердің жаңалығы