Өртеніп жатқан көліктен екі бүлдіршін құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға куәгері көлік салонынан екі баланы құтқарып қалған.

2020 жылғы 17 мамырда сағат 11.50-де Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында "Nissan-Terrano" жеңіл автомобилінің қозғалтқыш бөлігі жанды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға куәгері көлік салонынан 2014 және 2015 жылы туған екі баланы құтқарды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі сымның қысқа тұйықталуы. 

ТЖК мәлімдеуінше, тілсіз жау сағат 12.02-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 12 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы