Өртенген полигон: Қазақстан неге тағы да қоқыс мәселесіне тап болды
Алматы облысындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында болған өрт елдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Экологтар мен билік жағдайды сындарлы деп бағалап, шұғыл шараларды атады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Өрт – дабыл қағар белгі
Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы соңғы өрт тек жергілікті тұрғындарды ғана емес, сарапшыларды да алаңдатты. Ғалымдар зерттеуінше, өртенген қалдықтар адам денсаулығына және экологияға қауіпті улы заттарды бөледі.
Бұл жай ғана өрт емес, экологияны әдейі жою, – деп қатаң пікір білдірді Kaz Eco Patrol қозғалысының жетекшісі, эколог Тимур Елеусізов.
Оның айтуынша, полигон ішіндегі қоқыс әлі де тліп жатыр және оны инертті материалдармен көму қажет. Сондай-ақ ол полигон иелерін экологиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту керектігін айтты.
Мәселенің ауқымы
Елдегі жағдай көңіл көншітпейді. Экология министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы шамамен 3 мың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының тек 20%-ы ғана барлық құжаттарға ие және санитарлық талаптарға сай.
Экология министрі Ерлан Нысанбаев көп полигонның толып кеткенін атап өтті.
Көптеген полигондар қуатын сарқып бітті, оларды дереу рекультивациялау қажет, – деді министр.
Сарапшылардың есебінше, қазіргі қоқыс полигондарынынң 80%-ы заң бұзушылықпен жұмыс істейді. Көпшілігінде қоршаулар, өлшеу қондырғылары, сұрыптау жүйелері жоқ, тіпті қоқыстың қабылдануын бақылау жүргізілмейді.
Билік не ұсынады
Резонанс тудырған жағдайдан кейін Экология министрлігі кешенді жоспарды жариялады. Онда:
• 100 жаңа полигон салу;
• жұмыс істеп тұрған сегіз полигонның қуатын арттыру;
• ескі бес свалканы рекультивациялау;
• осы жобаларды қаржыландыру үшін утилизациялық алым қаражатын пайдалану.
Министрлік сонымен қатар полигонға түсетін жанғыш қалдықтардың көлемін азайту үшін қоқысты қайта өңдеу үлесін арттыруды баса айтты.
Экологтар қатаң шараларды талап етеді
Алайда сарапшылардың ойынша, құрылыс жоспары жеткіліксіз. Тимур Елеусізовтың пікірінше, талапты орындамаған полигон иелеріне нақты санкциялар қолдану қажет.
Полигон – жай ғана қоқыс үйіндісі емес, бұл экологиялық бомба. Оны күтіп-баптамаса, өрттің шығуы сөзсіз, – дейді ол.
Мамандар халықты осы тақырыпта үйретіп, қоқысты бөлек жинауды дағыдыламаса, жаңа полигондардың да көп ұзамай қауіп көзіне айналатынын айтады.
Алматы облысындағы өрт қоқыс мәселесі жекелеген жағдай емес, жүйелі қауіп екенін көрсетті. Ендігі мәселе мемлекет жаңа полигондар салып қана қоймай, олардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге саяси жігер мен қаржы таба ала ма? Қоқыс тиісті бақылаусыз үйіле берсе, бұрынғы сценарий қайталануы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт туралы хабарланған болатын. Қатты түтіннің салдарынан Алматы – Талдықорған тас жолы жабылған еді.
Алматы маңындағы ауыл тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан түтінге тұншығып отырғаны жайлы да хабарладық.
18 қыркүйекте өртке байланысты Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілген болатын. ТЖМ мамандары Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрт толық сөндірілгенін де хабарлады.