Өртенген Алматы әкімдігінде жөндеу жұмыстары басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүлікшілер өртеген Алматы әкімгінің ғимаратын жөндеу жұмыстары басталды.

Бүгіннен бастап ғимарат ішін тазалау жұмыстары басталған. 

33 мың шаршы метр болатын ғимарат ішін ыс басып, шаң басқан. 

700-ге жуық жұмысшы қазір өртенген жиһаздар мен өзге де дүние-мүліктің қалдықтарын шығарып жатыр. 

Тазалау жұмысына 22 мердігер компания тартылған.

Алматы қаласының Жайлы қалалық  орта басқармасының басшысы  Сапар Нұрашев кеше полиция органдары ғимаратты қорғау жұмысын аяқтап, оны тазалауға рұқсат еткенін мәлімдеді.

Рұқсат берген соң жұмысшыларды жинап, тазалау жұмысын бастадық. Одан кейін арнайы сараптау команиялары ғимаратты толық тексереді. Екі күн бойы өртенген ғимараттың құрлымы қандай жағдайда тұрғанын білмейміз. Сараптама жұмысы басталған соң ғана жобалау  және құрылыс жұмысын жүргіземіз,-деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы