Ақпандағы орташа айлық 167 мыңнан жоғары

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылғы ақпанда бір  қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы бағалау бойынша 167682 теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.

"2019 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 94975 теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 10,5 пайызға жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,1 пайызға артты" - делінген хабарламада.

2019 жылғы қаңтарда халықтың атаулы ақшалай табысның құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс - 70,9%, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс - 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыс - 16,8% және өзге де ақшалай табыс - 1,1% -ды құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы