“Ортақ тіл таптық”: Даулы “Алтын Орда” базарының қазіргі жай-күйі қандай?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев “Алтын Орда” базарындағы қазіргі жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінде құқық қорғау және бақылаушы органдардың берген барлық тапсырмалары – шамамен 80-ге жуық – базар әкімшілігі тарапынан толық орындалды. Сонымен қатар базар модернизациядан өтуде. Қазір екінші кезегі жүріп жатыр. Жалпы соңғы уақытта сатушылар тарапынан ешқандай шағым немесе наразылық түскен жоқ, жұмыс қалыпты режимде жүргізілуде. Менің ойымша, әкімшілік сатушылармен ортақ тіл тауып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпанында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Алтын Орда” базарының жұмысын ретке келтіруді тапсырған еді. Ал сол жылдың сәуірінде Алматы облысының әкімдігі бұл базарда заң бұзушылық жасалмаған сала жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Өзгелердің жаңалығы