"Ортақ деуге болады". Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның ұстанымы туралы айтты
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымы жөнінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аймақтағы қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде пікір алмастық. Қазір өзекті болып тұрған халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ұқсас. Ортақ та деуге болады. Аймақтағы ықпалдастықты күшейтуге екі тарапта мүдделі. Біз ертең Орталық Азия елдері басшылары кезекті алтыншы консультативтік кездесуіне қатысамыз. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселе қатысты ұстанымдарымызды үлестіру үшін біз бүгін сыртқы істер министрлері кеңесін құрдық. Бұл қадам екі елді жақындастыра түсетіні сөзсіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Өзбекстан президентінің бұл сапары қазақ-өзбек қарым-қатынасын бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенетінін айтты.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ, Астанада Әлішер Науаиге арналған ескерткіш ашылады. Қазақстанда өзбекстандық 6 мыңға жуық студент оқып жатыр.