Бүгiн 2026, 11:11 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Орталық референдум комиссиясы сотқа түскен екі талап-арыз жайлы айтты

Референдум күні аумақтық комиссияларға 35 өтініш түсті.

Референдум күні аумақтық комиссияларға 35 өтініш түсті. Ал дауыс беру қорытындысы бойынша екі талап-арыз сотқа жолданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның бірі Ақтөбе облысындағы сайлау учаскесінде Брайль қарпімен жазылған бюллетеньнің оқылмауына қатысты болса, екіншісі Астана қаласындағы учаскеде байқаушыны шығару туралы учаскелік комиссия шешіміне шағымдануға байланысты болды. Алайда Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанабилованың мәлімдеуінше, талапкерлердің уәждері расталған жоқ.

Аумақтық сайлау комиссияларының дерегіне сәйкес, дауыс беру күні барлығы 35 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 11-і Астанада, 6-ы Алматыда, 4-еуі Маңғыстау облысында, ал 3-тен Шымкент қаласында, Қызылорда және Абай облыстарында тіркелген. Жанабилованың айтуынша, барлық өтініштер заңнаманы түсіндіру, референдумның мәні мен ұйымдастырылуы, сондай-ақ учаскелік комиссиялардың жұмысы мен шетелдегі дауыс беру мәселелеріне қатысты болған.

Дауыс беру қорытындысы бойынша сот органдарына екі талап-арыз берілді. Бірінші талап-арыз Ақтөбе облысындағы Брайль трафаретінің оқылмауына қатысты болды. Екіншісі – Астана қаласындағы учаскеде байқаушыны шығару туралы учаскелік комиссия шешіміне шағымдануға байланысты. Аталған талап-арыздарды қарау нәтижесінде талапкерлердің уәждері расталмады, осыған байланысты соттар оларды қанағаттандырудан бас тартты, – дейді Әсел Жанабилова.