Еркек құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастаған. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы.
Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген жеті жасар Тесса. Бұл – оның алғашқы төлі.
Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталды. 2024 жылы 7, 2025 жылы тағы 7, ал 2026 жылы 8 жылқы жеткізілді. 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 жылқы әкелу жоспарланып отыр.
Алғашқы құлынның дүниеге келуі жануарлардың Қазақстан даласының табиғи жағдайларына сәтті бейімделіп жатқанын көрсететін маңызды нәтиже. Бағдарламаның түпкі мақсаты – табиғи ортада өздігінен көбейе алатын Пржевальский жылқысының тұрақты популяциясын қалыптастыру.