Орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

"City Transportation Systems" ЖШС елордадағы Орталық кассаның алдағы мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы мереке күндері 21, 22, 23, 24, 25 наурызда Орталық касса жұмыс істемейді.

26 наурыз – жұмыс күні.

Кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Орталық кассаның жұмыс кестесі: дүйсенбі – сенбі күндері сағат 09:00-ден 17:45-ке дейін, үзіліссіз. Жексенбі – демалыс.

Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы