Орталық Азияның 5 елінің өкілдері Дубайдағы конференцияда бас қосты
Дубайда Орталық Азияның бес елінен жоғары лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдері аймақтық конференцияда және электрондық коммерция мәселесі бойынша екі күндік танысу сапары аясында бас қосты, деп хабардайды BAQ.KZ.
Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Ready4Trade Орталық Азия" Халықаралық сауда орталығының жобасы Дубайда "Орталық Азияда электрондық коммерцияның әлеуетін пайдалану" бойынша аймақтық конференциясын және екі күндік танысу сапарын өткізді.
Өсіп келе жатқан жоғары жылдамдықты интернет байланысы, әртүрлі смарт құрылғылардың кең таралуы, сонымен қатар қарқынды өсіп келе жатқан орта тап бірінші кезекте Орталық Азияда электрондық коммерция индустриясын дамытуда. IMARC тобының мәліметі бойынша, 2022 жылы Орталық Азияда электрондық коммерция нарығының көлемі 8 миллиард долларға жетті және алдағы бес жыл ішінде пайданың жылдық өсу қарқыны 25,4% болады деп күтілуде.
Өңірлік динамиканы қалыптастыру үшін үш күндік іс-шарада Ready4Trade жобасы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан жоғары лауазымды тұлғалар мен іскер топтардың өкілдерін жинады.
Конференцияда қатысушылар өз әріптестерімен білімдерімен бөлісуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әлеуетті салаларын зерделеуге, назар аударуға қажетті негізгі ұлттық саясаттар мен нормативтік-құқықтық базасын айқындауға, сондай-ақ өңірлік деңгейде электрондық коммерцияны барынша қамту мақсатында Орталық Азия аумағында сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады. Конференцияда қатысушылар бүкіл әлем бойынша 10-шы NOVICA қолөнершілерінің мүмкіндіктерін кеңейту үшін хабты іске қосты. Бұл жаңа хаб Орталық Азия қолөнершілеріне тауарларды бүкіл әлем бойынша халықаралық деңгейде клиенттерге сатуға мүмкіндік беретін мүлдем жаңа онлайн-сату арналарын ұсынады.
Екі күндік танысу сапары барысында қатысушылар Дубайдың тапсырыстарды орындау орталықтарына барды. Жалпы онлайн сатып алушылардың 60%-дан астамы Дубайда орналасқан екен. Сонымен қатар электрондық коммерция арқылы сатылатын барлық тауардың 90%-ы импортталады, бұл елді әлеуетті серіктестіктерді іздестіруге және зерттеуге үшін қолайлы нарық етеді.
Электрондық коммерция біздің өмірімізде шындыққа айналғанына күмән жоқ. Шағын және орта бизнес бүкіл әлемдегі бизнестің көп бөлігін құрайды және Интернеттегі қатысуын кеңейту үшін кез келген көлемдегі бизнес үшін электрондық коммерция ерекше мүмкіндік болып табылады, - деді Халықаралық сауда орталығы директоры Ашиш Шах.