Орталық Азияның 4 мемлекеті Central Asia+ Rector's Club қатарына қосылды

Алматыда «AlmaU» университетінің ғимаратында Central Asia+ Rector's Club өз жұмысын бастады. Орталық Азияның білікті мамандары бас қосып, білім беру саласына шолу жасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға Орталық Азия, Түркия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Моңғолия және т. б. елдердің жоғары білім беру саласындағы университет көшбасшылары мен сарапшылары қатысты.

Соңғы 2 жылда Орталық Азия елдеріне қызығушылық танытатындардың қатары артып келеді. Осы уақытқа дейін Орталық Азия елдерінің қатысуымен экономика, сауда-саттық, кәсіпкерлік бағытында халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Енді міне білім беру саласын дамыту мақсатында Central Asia+ Rector's Club құрылды. Клуб арқылы Орталық Азия елдерінің білім беру бағытынан тәжірибе алмасамыз. Осылайша танымал ЖОО білікті мамандарымен жұмыс істеп, ортақ тіл табыстық. Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлесі қалыптасуда. Отандық оқу ордалары көптеген ірі халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын қолға алып отыр. Осы бас қосу аясында AlmaU-да жаңа мектебінің тұсауы кесілді, білікті мамандар мен профессорлар мектептің ерекшелігіне тоқталып өтті. Алдағы уақытта тәжірибелі мамандарды даяралап шығаруды қолға алмақпыз, – дейді Алматы Менеджмент университетінің ректоры Гүлнар Күренкеева.

Клуб бейресми бірлестік, аймақтың жоғары біліміндегі трансформация туралы тікелей және ашық коммуникация алаңы ретінде ойластырылған. 

 Қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Маған Алматының табиғаты қатты ұнады. Іс-шараны ұйымдастырушыларға алғасым шексіз. Орталық Азияның 4 мемлекеті Central Asia+ Rector's Club-тың қатарына қосылды. Алғашқы қарқын жаман емес, жоғары білім беру саласындағы университет көшбасшылары мен сарапшылары тәжірибе алмасып, өзекті тақырыптарды талқылауда. Біздің басты мақсатымыз білім саласындағы инновацияны дамыту. Таңдаулы ЖОО ректорларының біліктілігін арттыру. Меніңше, Central Asia+ Rector's Club жаңа білім беру хабы болуға тамаша перспективасы бар орталық, – дейді Minerva Project негізін қалаушысы, төрағасы және бас директоры, Minerva University құрметті профессоры Бен Нельсон.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы