Орталық Азиядада су ресурстарының тапшылығы артып отыр - Стрикелева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша өңірлік жобаның жетекшісі Екатерина Стрикелева Орталық Азиядағы су ресурстарының мәселелерін көтерді.
USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша өңірлік жобасы медиа қызметкерлеріне халықаралық су ресурстар күніне орай тренинг өткізді.
Орталық Азияда климаттың өзгеруіне орай су ресурстарына деген тапшылық артып отыр. Қазіргі таңда өңірде су секторын реформалау деңгейінде тұр. Өңірлік жоба су ресурстары саласындағы өңірлік мәселелерді шешуге көп деңгейлі әдіс арқылы шешуді қарастырады. Амудария мен Сырдария өзендерінің бассейндерін тұрақты басқару мен ортақ интеграцияланған ортақ әдістемені әзірлеуді жүзеге асырады, - деді Стрикелева.
Ол WEFE нексус әдісі туралы да айтып өтті.
Тренинг нексус әдісіне тереңірек үңілу және оның маңыздылығын жұртшылыққа жеткізуге бағытталып отыр. Су ресурстары өзекті мәселенің бірі, сондықтан осы салағв төртінші билік өкілдері белсене араласуы керек деп ойлаймыз, - деді Екатерина Стрикелева.
Айта кетейік, USAID Қазақстандағы “Су ресурстары және қоршаған орта” бойынша өңірлік жоба 2020 жылы пайда болды. Оның мақсаты - Орталық Азиядағы ортақ су ресурстарын басқару бойынша өңірлік ынтымақтастық пен техникалық әлеуеттің нығаюын қамтамасыз ету.