Орталық Азияда алғаш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды

Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы қатысушы елдердің авиациялық билігі өкілдерімен Алматыда алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

EАCAC әлемдік сала институттарымен – ИКАО, Еуропалық комиссия, ИАТА және басқа да халықаралық ұйымдармен жұмыс шеңберінде өз ұстанымын шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Байқаушы мемлекет ретінде отырысқа Моңғолияның авиациялық билігінің өкілдері қатысты.

Отырысты Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев ашты.

Еуразия өңірінде алғаш рет азаматтық авиация саласында осындай деңгейдегі ұйым құрылуда. EACAC елдеріміздің авиациялық билік орындарына тиімді өзара іс-қимыл жасауға, ұшу қауіпсіздігі, авиациялық қауіпсіздік, формальдылықты жеңілдету, орнықты даму, авиациялық персоналды даярлау саласында тәжірибе, білім және озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді және, ең бастысы, болашақ сын-тегеуріндерге дайындық кезінде проблемалық мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін негіз жасайды, - деп атап өтті вице-министр.

EACAC-тың негізгі мақсаты – тиімді үйлестіру мен өзара іс-қимылды жеңілдете отырып, Еуразия аймағындағы мүше елдердің авиациялық билік орындары арасында ынтымақтастық платформасын құру.

Осы мақсатта іс-шараға қатысушылар Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын құру туралы декларацияға қол қойды.

Қазақстан тарапынан құжатты ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева куәландырды.

Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы халықаралық авиациялық қоғамдастықта пікірлер бірлігі мен мықты өкілдікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріміздің күш-жігерін жақсырақ үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл бастама үкіметтерден де, саладан да айтарлықтай қолдау алды. Біз қазір салалас – ACAO, AFCAC, ECAC, LACAC – және негізгі халықаралық ұйымдармен серіктестігімізді нығайта бастадық, - деді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду.

Іс-шара барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігін оқыту жөніндегі Excellence Center жобасының, сондай-ақ "ЕАСАС инспекторлар базасы" бірыңғай платформасын құру жөніндегі шешімдер тұсаукесерлері өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша EAСАС бас хатшысы болып Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, EAСАС президенті болып Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Тахир Назаров тағайындалды.

EACAC міндеттерінің арасында аймақтық ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайту; ұшу қауіпсіздігін, авиациялық қауіпсіздікті арттыру, формальдылықты жеңілдету, ұшқышсыз авиацияның тұрақты өсуі мен дамуы үшін жалпы саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және енгізу, бұл азаматтық авиацияның және басқа да байланысты салалардың тиімді дамуына ықпал етеді;

азаматтық авиацияның халықаралық стандарттарын және бүкіл аймақ бойынша ұсынылған тәжірибелерді үйлестіру және енгізу;

өңір елдерінің авиациялық мүмкіндіктерін нығайту және олардың халықаралық авиациялық аренада болуын арттыру; техникалық көмек көрсету және авиациялық персоналды даярлауға қатысу, сондай-ақ өңірде техникалық ресурстардың бірыңғай "пулын" құру болыпы табылады.

Анықтама: Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясын (EACAC) құру туралы бастама алғаш рет 2023 жылғы мамырда "Орталық Азияның тұрақты дамуы мен транзиттік әлеуетін іске асыру жолындағы энергетикалық көшу" атты 1-ші Қазақстандық авиациялық диалогты өткізу шеңберінде айтылды. 2024 жылдың сәуірінде Тулузада (Франция) EACAC жобасы ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EURNAT-DGCA) азаматтық авиация бас директорларының кеңесі кезінде ұсынылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігі
Өзгелердің жаңалығы