«Орталық Азия – Ресей» саммитіне 6 мемлекет басшысы қатысады
Астанада 14 қазан күні «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағымдағы жылдың 14 қазанында Астанада «Орталық Азия-Ресей» саммиті өтеді. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері алты жақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды, - делінген СІМ таратқан хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарлануда, онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көрсетіледі.
Сондай-ақ қорытынды құжатта саясат пен қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сияқты салалардағы одан әрі өзара іс-қимылдың перспективалары атап өтілетін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы