Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы кездесуінен не күтеміз? - cарапшылар пікірі
Ертең Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы rонсультативтік кездесуі өтеді. Жиында қандай мәселелер қозғалады? Халықаралық кездесу Қазақстанға не береді? BAQ.KZ тілшісі сарапшылардың пікірн білді.
Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арман Ешмұратовтың аймақ басшылары жаңа жобалар ұсынатынын айтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында Орталық Азияның қазіргі жағдайын және онда болатын өзгерістер туралы атап өтті. Аймақтың тарихы мен мәдениетіне де тоқталды. Сондықтан ертеңгі Орталық Азия елдері басшыларының кеңесінде қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға қойылады деп ойлаймын. Мемлекеттер бір аумақта шоғырланғанымен, әр елде әртүрлі мәсеселер бар. Мысал, Орталық Азияда су мәселесі өзекті. Одан бөлек, күн тәрбініде энергетика, ауыл шаруашылығы және сауда-саттықты арттыру мәселелері де қозғалады. Онымен қоса, әлемдегі геосаяси жағдай шиеленісіп келеді. Бұл жағдайға байланысты Орталық Азияның өзіндік позиция болуы керек. Сондықтан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Түрікменстанның талаптары мен мақсаттары көбіне бір жерден шығуға тиіс. Бұл көп салаларды тез дамуға көмектеседі, - деді Арман Ешмұратов.
Сарапшының сөзінше, Орталық Азиядағы 5 мемлекетте 80 млн астам халық тұрады. Сондықтан Қазақстан халықаралық саясатта өз беделін арттырамын десе, бірігіп әрекет жасау керек.
Бүкіл әлемдік экономиканың деңгейінде біздің салмағымыз аз. Көп болса үлесі 0,20 пайызға жетеді. Міне, осы себепті Орталық Азия елдеріміз бірлесе әрекет еткен абзал. Неге бірлесе әрекет етуіміз керек? Біз оңтүстік көрші мемлекеттермен бағзы заманнан қарым-қатынастамыз. Тіпті Ресей империясы отаршылдық саясатынан бұрын да байланыста едік. Демек, біз халықаралық кездесу мен түрлі жобаларымыздың арқасында тарихи іргетамызды қайтадан қалаймыз деген сөз. Жалпы, жалғыз мемлекет топ болып біріккен елдерге қарсы тұра алмайды, - деді Ешмұратов.
Сонымен қатар Әлеуметтік зерттеулер орталығының сарапшы Дамир Белгібаев аймақ басшылары қандай мәселелерді талқылайтынын айтты.
Бұл кездесуде экономикалық мәселелер кеңінен талқыланады. Сонымен бірге қауіпсіздік мәселесі мен ауыл шаруашылығы жөніндегі ұсыныстар мен келіссөздер жүргізілмек. Қашанда өзекті энергетика мен инвестиция тақырыбы да қозғалады деген ойдамын. Қазіргі таңда Орталық Азия халқы әлем халқының тек бір пайызын алады. Бүгінде аймақ экономикасы біртіндеп өсіп келеді. Халық санының артуы біраз мәселенің алдын алуды талап етеді. Аймақта мәдени-гуманитарлық байланыстар нығая түседі. Оның ішінде білім мен ғылым саласына басымдық беріледі. Мәселен, еліміздің өзінде 20-ға жуық әлемдік университеттердің филиялы бар. Бұл өз кезегінде Орталық Азия елдерінен Қазақстанға студенттердің келуіне ықпал етеді. Мұның арқасында еліміздің білім саласына көптеп қаржы құйылады, - деді Дамир Белгібаев.