Орталық Азия елдеріндегі жобалар БҰҰ назарында
Технологиялар әлеуметтік өзгерістердің құралына айналып, Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкер әйелдер осы трансформацияға белсенді ат салысып жүр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Aurora Tech Award халықаралық сыйлығының 2024 жылдың финалистері – Қазақстаннан Әсем Тажиева, Өзбекстаннан Фируза Эшонова және Қырғызстаннан Айнура Сагын – инновациялардың маңызды әлеуметтік мәселелерді шеше алатынын көрсеткен еді. Олардың стартаптары отбасыларға, балаларға және қоршаған ортаға көмек беріп қана қоймай, басқа әйелдерді ақпараттық технологиялар саласында жобаларды іске асыруға шабыттандырады.
Кәсіпкер әйелдер қандай қиындықтардан өткенін, Aurora-ға қатысудың арқасында неге қол жеткізгендері және олардың жобалары қоғамның дамуына қандай үлес қосатыны туралы айтып береді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қазақстандық стартап
Ozim Platform – ерекше даму қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған қазақстандық қосымша. Жобаның авторы – Әсем Тажиева.
Қосымша ата-аналарға балалардың даму кезеңдерін жақсырақ түсінуге, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға оларды қоғамға бейімдеуге және уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Онда білім беру видеолары, дамытушы ойындар және баланың прогресін бақылауға арналған құралдар бар.
Ozim Platform-ның тарихы ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына балалардың дамуы туралы ғылыми негізделген және тексерілген ақпаратқа қол жеткізуге көмектесу миссиясынан басталды, дейді платформаның авторы.
Біздің жобамыз ғылыми мақалаларды жариялаудан басталды. Біз Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің түлектері және инклюзивті білім беру саласының зерттеушілері ретінде қазақ және орыс тілдерінде мақалалар ұсындық. Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балаларды дамыту және оңалту саласындағы сарапшыларды тарттық, ата-аналар үшін қажетті контентті цифрландырдық, – деп жоба бастамасы туралы айтты оның негізін қалаушысы.
Технологиялар әлеуметтік өзгерістердің құралына айналып, Орталық Азия елдеріндегі кәсіпкер әйелдер осы трансформацияға белсенді ат салысып жүр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.Қосымшаның алғашқы нұсқасы 2021 жылы ресми түрде іске қосылды, ал 2023 жылы ЮНИСЕФ-пен серіктестікте жаңартылған функционал мен контенті бар қосымшаның екінші нұсқасы шығарылды. Нәтижесінде команда "Digital Public Goods" (сандық қоғамдық игілік) мәртебесін алып, БҰҰ-ның үздік IT шешімдер базасына енді.
Біз үнемі пайдаланушы тәжірибесін талдап, сервисімізді жақсартуға тырысамыз. Биыл жаңа қадам жасауға шешім қабылдадық. Жақында мамандарды, педагогтарды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытатын барлық адамдарды оқыту платформасын іске қосамыз, – деп толықтырды Әсем.
Қосымшаның алғашқы нұсқасы күнделікке жазылған жоспарлардан басталды. Жоба авторлары референстерді зерттеп, ата-аналардың қажеттіліктерін қосымшада көрсетуге тырысты. Екінші нұсқада ата-аналарды геймификация енгізу арқылы оқуға және ұпай жинауға ынталандырды.
Біз кәсіпкерлермен жұмыс істеп, ата-аналар ұпайларына айырбастай алатын лоттарды қамтамасыз етуге тырыстық. Алайда бізде ресурстардың жетіспеушілігінен пилотты іске асыру мүмкін болмады, өйткені біз қаржыландыру іздеумен, контент жасаумен, сарапшылармен жұмыс істеумен, материалдарды редакциялаумен қатар зерттеулер жүргізіп, ерте араласу қиындықтарын анықтауға тырыстық. Жақында оқыту видеоларымыздың арқасында бір қолданушымыз күйеуі сал ауруы бар баласына массаж жасауды үйреніп, қазір күнделікті көмек көрсетіп жүргенін айтты. Сарапшылар Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азияның басқа елдерінен де отбасылардың хабарласатынын атап өтеді. Мұндай мысалдар жобаның ауқымды әсер ету әлеуетін көрсетеді – біз дәл осыған ұмтыламыз, – дейді Әсем Тажиева.
Жобаның мақсаты ата-аналар мен сарапшыларды біріктіру, ал келесі маңызды мақсат – мамандардың кәсіби дамуына және олардың жұмысында халықаралық сапа стандарттарын енгізуге жағдай жасау.
Әр стартаптың масштабталуға деген мақсаты бар. Біз басқа елдердегі әріптестермен таныса алдық. Жеке өзім су, медицина, коммуникация мәселелерді шешетін стартаптардың креативтілігі мен инновациялық тәсілін көрдім. Біздің шешімдеріміз елімізге пайдалы болатынына көз жеткізіп, серіктестікті қарастыру қажеттігін байқадық. Сондықтан, егер сіз әлеуметтік немесе экостартап жасауды ойласаңыз, Aurora Tech Award жеңімпаздарының кейстерін қараңыз, – деп тәмәмдады Әсем Тажиева.
Жақында команда Ozim Platform-ны Сан-Францискода (Калифорния) өткен Central Eurasian Silicon Valley-да таныстырды. Қатысушылар IT әлемінің әртүрлі өкілдерімен танысып, өздерінің бірегей тарих жасап жатқанына тағы да көз жеткізді. АҚШ-та көптеген адамдар өмірді өзгертетін және миссиясы бар стартаптарды жасайды.
Сол жерде біз мамандар мен педагогтарды оқыту бағытында жұмыс істеуге шешім қабылдадық. Coursera бас директорының сөзінен шабыттандық. Біз халықаралық серіктестіктерді нығайтуды бастадық, – деп бөлісті кәсіпкер.
Әсем Тажиева әлеуметтік стартаптарды дамытуға ұмтылатын әйелдерге бірнеше маңызды сұрақтарға жауап беруге кеңес береді: "Бұл – келесі бес жылда айналысқым келетін іс пе? Егер инвесторлардан 200 рет “жоқ” естісем, өніміме сене аламын ба? Үлкен мақсатқа жету үшін өзімді және командамды дамытуға дайынмын ба?" деген сұрақтарға жауап тауып, өзімен жұмыс істеуге кеңес берді.
Қырғызстандағы қалдықтарды қайта өңдеуге көмектесетін жаңа платформа
Айнура Сагын Қырғызстанда қалдықтарды қайта өңдеу үшін Tazar платформасының тең құрылтайшысы. Платформаның қосымшасы қайта өңдеуге жарамды қалдытарды қабылдайтын пункттерінің картасын қамтиды, мұнда пайдаланушылар белгілі бір қалдық түрлерін алып кетуге өтініш қалдыра алады. Бұл дұрыс сұрыптауға, қалдықтарды тапсыруға және қайта өңделмеген қоқыстың жалпы көлемін азайтуға көмектеседі.
Платформа 2020 жылы Қырғызстандағы қалдықтарды басқару және тұрақты даму мәселелерін шешу үшін құрылды. Айнура Сагынның айтуынша, жобаның идеясы елдің экологиялық проблемаларын түсінуден туындады. Олардың ішінде қайта өңделетін материалдарды тапсырудың ыңғайлы жүйенің болмауы, қалдықтардың көбеюі және экологиялық саласында сананың төмен деңгейі болып табылады.
Біз қалдықтардың 70%-ы қайта өңдеуге жарамды екенін байқадық. Алайда шын мәнінде оның тек 14%-ы өңделеді. Бұл бізді қалдықтар өндірушілерін қайта өңдеушілермен біріктіретін және қалдықтарды азайтуға және экологиялық сауаттылықты жақсартуға ықпал ететін платформаны жасауға шабыттандырды, – деп түсіндірді Tazar платформасының авторы.
Алғашқы қиындықтардың бірі бастапқы қаржыландыруды тарту және пікірлес команданы құру болды. Команда жаңа технологияларға сенімсіздік пен халық арасында экологиялық мәселелер туралы білімнің жетіспеушілігіне тап болды. Сондай-ақ, серіктестіктерді құрумен байланысты қиындықтар туындады: көптеген қайта өңдеушілер мен компаниялар ынтымақтастықтың құндылығын бірден көре алмады. Осы қиындықтарға қарамастан және табандылық, кәсібилік пен әріптестердің қолдауы арқасында әзірлеушілер жобаны іске қосып қана қоймай, оны табысты етті.
Біз қаржыландыруды консалтингтік жобалар, халықаралық ұйымдармен серіктестік және экологиялық науқандар өткізу арқылы тарта бастадық. Сонымен қатар, біздің бизнес-модель қалдықтарды қайта өңдеуді монетизациялауға мүмкіндік берді. Осылайша, қазіргі уақытта жоба табыс көруде. Aurora Tech Award сияқты бастамаларға қатысу бізге ресурстар, білім және жобаны масштабтау стратегиясын жақсартуға көмектескен құнды кері байланыс алуға мүмкіндік берді, – деді платформаның негізін қалаушысы.
Платформа полигондардағы қалдықтардың мөлшерін азайтуға, материалдарды қайта өңдеу пайызын арттыруға және экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Жоба азаматтарға, бизнес пен білім беру мекемелеріне табиғатты қорғау үшін қарапайым әрі тиімді құралдарды ұсынады.
Tazar сондай-ақ адамдардың климаттық мәселелер туралы хабардар болуына мақалалар, зерттеулер және білім беру науқандар арқылы ат салысады. Осылайша, біз экологиялық мәселелерді шешіп қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын насихаттайтын платформаны жасап келеміз, – деп атап өтті Айнура Сагын.
Aurora Tech Award Tazar-дың дамуы үшін маңызды кезең болды. Сыйлықтың арқасында жоба мен оның негізін қалаушылары халықаралық деңгейде танымал болды. Сонымен қатар, жобаға назар аударып масштабтау стратегиясын жақсартуға көмектесті. Қазылар алқасының ең құнды кері байланысы бизнес-модельдің тұрақтылығы мен нарықтың нақты қажеттіліктеріне назар аударуын атап өтті. Сонымен қатар, Айнура Сагынның BBC нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің қатарына кіруі жобаға жаңа серіктестер мен инвесторларды тартуға көмектесті.
Tazar-ды масштабтау үшін, Айнура Сагынның айтуынша, команда қосымша инвестициялар тартуды және жаңа нарықтарға шығуды жоспарлап отыр. Жобаның жұмыс қайта өңдеу пункттерінің санын көбейту арқылы платформаның географиясын кеңейтіп, сондай-ақ пайдаланушылармен қарым-қатынасты тиімдірек ету үшін платформаны одан ары жетілдіруді жоспарлап жүр. Халықтың қайта өңдеу және климаттық өзгерістер туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған науқандар жобаның маңызды бағытты болып қала береді.
Кәсіпкер әйелдерге кеңесім: тәуекелден қорықпаңыз, тіпті сізге қарсы пікірлер болса да өзіңізге сеніңіз. Менторларды табыңыз және қолдау көрсететін адамдар бар ортада болуға тырысыңыз. Кеңес сұраудан қысылмаңыз. Өз дағдыларыңызды үйреніп, дамытыңыз, өзгерістерге бейімделіңіз. Жол қиын болуы мүмкін, бірақ табандылық пен шешім сізге табысқа жетуге және идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектеседі, – деп кеңес береді кәсіпкер.
Өзбекстандық жобаның логопедияда инновациялары Фируза Эшонова – Mila4AI технологиялық стартапының негізін қалаушы. Бұл жоба сөйлеу қабілеті ерекше балаларға арналған.
Mila4AI қосымшасы жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын пайдаланып, логопедиялық жаттығуларды орындаудың дұрыстығын бағалайды.
Біз нейрондық желіні дыбысты қалыптастыруға қатысатын бет бұлшықеттерінің қозғалысын интерпретациялауды үйреттік. Сонымен қатар, дыбыстар мен саусақ қозғалыстарын тануға негізделген жүйе қателіктерді түзету бойынша нақты уақыт режимінде ұсыныстар бере алатын жобаны асырудамыз, – мәлімдеді Фируза Эшонова.
Қосымша әр баланың физикалық және анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығуларды бейімдейді. Анимациялық элементтер арқылы балаларға тапсырмаларды интуитивті түрде орындау оңай болады. Егер қате жіберілсе, бағдарлама оны түзету бойынша ұсыныс береді.
Ата-аналар мен логопедтерге қосымша статистика мен есептерді жасай алады. Бұл есептер бала дамуының нақты кезеңдерін бақылауға, әдеттегі қателерді анықтауға және жеке жаттығу жоспарларын түзетуге мүмкіндік береді. Бұл назар аударуды қажет ететін негізгі аспектілерге шоғырлануға көмектеседі. Объективті деректердің негізінде логопедтер сабақ жоспарларын жеке түзетіп, оларды барынша тиімді ете алады.
Мен бұл идеяны өз баламның дизартрия диагнозына байланысты бірнеше жылдық оңалту тәжірибесінен кейін жүзеге асырдым. Сондықтан ата-аналардың қандай қиындықтарға тап болатынын жақсы түсінемін және біздің қосымша логопедтерге, ата-аналарға және ең бастысы балаларға қалай көмектесетінін білемін, – деп бөлісті Фируза Эшонова.
Медицина және білім беру ең консервативті салалардың бірі болып саналады. Бұл инновациялық шешімдерді әзірлеу мен ілгерілету барысында қиындықтарға алып келеді, әсіресе қалыптасқан стереотиптер мен дәстүрлі әдістерді өзгертетін жобаларда орын алады.
Мемлекеттік емдеу және білім беру мекемелеріне қол жеткізу тағы бір негізгі мәселе болды. Логопедтер мен нейропсихологтар біздің жобаға қатысуға дайын, олардың көбісімен жұмыс істейміз, бірақ пилоттық тестілеуді жүргізу немесе бағдарламаны енгізу шешімдері олардың құзыретіне кірмейді. Жобаны дамыту үшін пилоттарды жекеменшік ұйымдармен қатар мемлекеттік мекемелерде де өткізу маңызды. Біз мемлекеттік және жеке сектор арасындағы оңалту әдістері мен тәсілдеріндегі айырмашылықтарды байқаймыз және бағдарламалық жасақтаманы оларға бейімдеуіміз керек – дейді Фируза Эшонова.
Жоба бизнес-ангелден қаржыландыру алды және өз қаражатын пайдаланып отыр, бірақ жылдам даму үшін қосымша инвестициялар қажет.
Көптеген инвесторлар танымал салаларға, мысалы, финтех немесе геймингке инвестиция салуды жөн көреді. Себебі бұл салаларда өнімге сұранысты анықтау оңайырақ. Бірақ біздің жобаның да әлеуеті жоғары, ол басқа инновациялық шешімдерден кем түспейді", – дейді Фируза. "Қазіргі уақытта стартаптарға көмектесетін көптеген ұйымдар бар. Біз әдетте денсаулық сақтау немесе ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсететін жобаларға бағытталған бағдарламаларды таңдаймыз. Мұндай бағдарламалар кәсіби желіні кеңейтуге, саланың ерекшеліктерін және реттеушінің талаптарын түсінуге көмектеседі. Бұл айтарлықтай қолдау. Біздің жобамыз үшін ең маңыздысы Германиядағы 4С Accelerator for Medical Innovations бағдарламасына, Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың бірлескен EIT Health және CIMIT бағдарламасына, АҚШ-тағы CUNY Public Health Innovations бағдарламасына және Кениядағы InnovateNow бағдарламасына қатысу болды. Мен осы бағдарламалардың барлық менторлары мен спикерлеріне шын жүректен алғыс білдіремін, – деп алғысын білдірді ол.
Өзбекстанда министрліктер мен ведомстволарға, халықаралық қорлар мен ұйымдарға жүгінгеніне қарамастан пилоттық жобаны сынақтан өткізу және енгізу алаңы әлі табылмады.
Дегенмен, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания және тіпті Кения сияқты елдерде бізде 300-ге жуық пайдаланушы қатысып жатқан пилоттық жобалар жүргізілуде. Олардың арасында қалыпты дамыған балалар да, сондай-ақ ауыр психоневрологиялық бұзылулары бар балалар – сал ауруы, аутизм және Даун синдромы бар балалар да бар. Бұрын жаттығуларды орындаудан бас тартқан, өйткені олар қызықсыз немесе физикалық тұрғыдан қиын болған. Ал енді біздің қосымша арқылы балалар жаттығуды қуана жасайды. Прогресті тек ата-аналары мен логопедтер ғана емес, балалардың өздері де байқап, қатты ынталанады,– деп атап өтті ол.
Фирузаның тәжірибесіне сүйінсек, емдеудің басты кепілі жаттығуды тұрақты түрде жасау. Ал қосымша оңалтуды үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, логопедияны қолжетімдірек етеді. Кейбір елдерде маманға кезек 3 айдан 12 айға дейін созылса, жеке логопедтердің қызметтерін кез келген адам пайдалана алмайды. Ал "виртуалды логопедтің" құны жеке мамандардан бірнеше есе арзан.
Қазір біз тек B2B2C арнасы арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Жақында жеке клиникалармен бірқатар бірлескен жобаларды іске қосамыз. Бірлесе отырып, логопедпен бетпе-бет өткізілетін сабақтарды біздің қосымша арқылы орындалатын жаттығулармен ұштастыратын гибридті оңалту әдісін дамытамыз", – деп жоспарларымен бөлісті ол.