Орталық Азия елдері ТЖМ басшыларының форумы басталды

Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының өңірлік форум-кеңесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ТЖ министрлері бастаған делегациялар қатысуда. Баяндамашылар арасында халықаралық ұйымдардың өңірлік өкілдері де бар. 

ҚР ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов құттықтау сөзінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелерінде халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы