Орталық Азия әйелдері «әйелдердің ісі емес» деген таптаурынды жоққа шығарып жүр – Қошанов
Орталық Азия әйелдері «әйелдердің ісі емес» деген таптаурынды жоққа шығарып жүр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен Орталық Азия елдері әйелдері диалогының бірінші отырысы өтіп жатыр.
Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтті.
Мәжіліс спикері алдымен Орталық Азиядан келген қонақтарға алғысын айтты.
Бүгінгі отырысымызда Қазақстанның төрағалығы ресми түрде басталады. Алдымызда диалогқа төрағалық етіп, белсенді жұмыс атқарғаны үшін Өзбекстан мен Түркіменстанға алғыс айтқым келеді. Қажырлы да, нәтижелі еңбектеріңіз өңірдегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін жан-жақты кеңейтуге берік негіз болды деп сенемін, - деп айтты Қошанов.
Сонымен қатар ол Орталық Азия елдері үшін Превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы, БҰҰ-ның даму бағдарламасы мен БҰҰ әйелдер халықаралық құрылымдарына да осы істі ілгерілетуге жүйелі түрде қолдау көрсеткені үшін алғыс бірдірді.
Орталық Азия елдерінің диалогы 2,5 жыл бұрын құрылған болатын. Дегенмен осы қысқа уақыт ішінде ол әйелдердің мүмкіндігін кеңейту мәселелерінде тәжірибе алмасу және өзара әрекеттесу үшін тиімді алаңға айналды. Сонымен қатар форум аймақтағы жалпы интеграциялық процестердің бір бөлігіне айналды. Өздеріңіз білетіндей, Орталық Азия елдерінің басшылары бүгінгі күні бауырлас халықтар арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың жоғары қарқынын көрсетіп отыр, - деп айтты Мәжіліс спикері отырыста.
Қазақстан әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдекті қорғауға қатысты барлық негізгі іс-шараны жүргізіп келеді. Оның ішінде Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат комиссиясы осы іс-шараларды өткізіп келеді.
Сонымен қатар Қазақстан әйелдер құқықтары мен гендерлік теңдікті қорғауға қатысты барлық негізгі халықаралық актіні ратификациялады.
Бүгінгі кездесу әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөліне айналған. Осы жылдың наурыз айында цифрлық және әйелдер құқықтары жөніндегі комитеттің 66-шы сессиясында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш планетаның көптеген жерінде әйелдер өз құқықтары туралы айтып қана қоймай, бастама көтеріп, маңызды жобаларды дамытып жатқанын атап өтті. Мен оның сөздерін сенімді түрде растай аламын. Орталық Азияда әйелдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әзірлеуге белсенді қатысып жатыр. Мысалы, олар «әйелдердің ісі емес» деген таптаурындарды жоққа шығарып жүр. Отырысқа дайындық жүргізгенде оған көз жеткіздік. Шынында да ең қызықты инновациялық жобаларды таңдау бізге күрделі болды, - деді Ерлан Қошанов.
Оның айтуынша, жобалардың көбі Қазақстан экономикасын инновациялық трансформациялауға және ұлттық инновациялық жүйені нығайтуға бағытталған.
Біздің басты мақсатымыз – Орталық Азияны тұрақты, экономикалық дамыған, гүлденген аймаққа айналдыру, - деп айтып, Ерлан Қошанов форум жұмысына табыс тіледі.
Диалог 2020 жылғы желтоқсанында ресми түрде өз жұмысын бастаған. Осыған дейін диалогқа Өзбекстан (2021 жылы) және Түрікменстан (2022 жылы) төрағалық етті. Диалог БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (ОАПДӨО), БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен құрылды және қызмет етіп келеді.