Орталық Африкада 500-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды

Чадта су тасқынынан кем дегенде 503 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АРА агенттігінің мәліметінше, оның ішінде, 83 адам Сахара шөлінде орналасқан солтүстік Тибести өңірінде тұрады.

Белгілі болғандай, табиғи апат елдің барлық 23 өңірін қамтыған. Салдарынан 318 мың отбасы зардап шеккен.

212 мың тұрғын үй қирап, 357 мың гектар аумақтағы ауыл шаруашылық дақылдарының алқабын су шайып кеткен.

Су тасқынынң салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы