Орталық мемлекеттік архивке - 100 жыл!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру», «Архив - 2025» мемлекеттік бағдарламалары негізінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архиві» «Орталық мемлекеттік архивке - 100 жыл! 1-ші кезең» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Шара барысында архив ұжымының пандемия жағдайында жарыққа шығарған «Ұзақбай Құлымбетовтың мемлекеттік қызметі архив деректерінде», «Народно-освободительное движение казахского народа в конце XVIII- начале XX веков», «Путеводитель по фондам Центрального государственного архива Республики Казахстан. Досоветский период», «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің жеке тектік қорлары бойынша жөнсілтемесі (1959-2009), 1 том»; «Панфиловцы: наша гордость, наша слава» атты бес бірдей кітаптың тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар, архив құжаттары негізінде ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған көрме өткізді. 

Біз ел тарихына қатысты құнды құжаттарды сақтап қана қоймай, іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оны келешек ұрпаққа аманаттау жолында аянбай еңбек ете береміз, - деген Орталық мемлекеттік архив директорының міндетін атқарушы Мұхит Кәдірбекұлы конференцияның ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Онлайн конференция жұмысына министрлік өкілдері, отандық ғалымдар, тарихшылар, архив қызметкерлері және магистранттар қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы