Алматы облысында ТЖО өртке оранды

Алматы, baq.kz. Алматы облысы мен Алматы қаласының өрт сөндірушілері өртке оранған ТЖО әрең өшірді. Оқиға 1 қаңтар күні Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде сағат 23.00 шамасында болған.

Өртенген екі қабатты ТЖО-ның аумағы 800 шаршы метр. Өрт болған кезде ТЖО ішінде 4 көлік болған. 28 өрт сөндіруші жұмыла жұмыс істеп, өртті 2 қаңтар күні сағат 00.45 әрең ауыздықтаған.
Сондай-ақ өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуының алдын алды.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 22 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы және Алматы қаласы ТЖД-нан 6 қызметкер мен екі техника көмекке келген.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда, адам шығыны жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы